Гарвард профессоры бақытты ақшаға сатып алудың үш тәсілін атады
Артур Брукстың айтуынша, бақытты сезіну үшін біріншіден ұмытылмас әсер қажет. Ол алыс сапар, театр, концертке бару болуы мүмкін, жалпы позитивті эмоция сыйлайтын іс-әрекет.
Профессордың екінші кеңесі – уақытты үнемдеу. Мысалы, робот-шаңсорғыш сатып алып, онлайн-қызметтеріді қолданып үй жинауға, дүкен аралауға кететін уақытты үнемдеуге болады. Бақытты болудың үшінші жолы – мұқтаж адамдарға қол ұшын созу. Ғалымдардың айтынша, біреуге көмектескен кезде адамда серотонин, дофамин және окситоцин гормондары бөлініп, адам өзін бақытты сезінеді.