Гай Ричидің «Джентльмендік емес министрлігі» фильмі қашан шығатыны белгілі болды
Гай Ричидің жаңа фильмі 25 сәуірде шығады.
Фильмнің сюжеті Дэмиен Льюистің «Джентльмендік емес соғыс министрлігі » кітабына негізделген. Оқиға 1939 жылы орын алады. Британия премьері Уинстон Черчилль үкіметке нацистік Германияға қарсы диверсия ұйымдастыру мақсатымен арнайы жауынгерлер отрядын құруды тапсырады. Басты рольдерді «Ведьмак» фильмінде ойнаған Генри Кавилл мен Эйса Гонсалес сомдады. Бір апта бұрын шыққан фильмнің трейлері 12 миллионнан астам қаралым жинады.
«Кавилл мен Ричи қайтадан бірге. Бұл керемет фильм болмақ»,
-деп жазды жанкүйерлер.