Фильм емес: Жан-Клод ван Дамм Париждегі зергерлік үйін тонаушылардың сыбайласына айналды

🌎 Жизнь
30.07.2021
Просмотров: 143

Оқиға француз комедияларының сюжетіне ұқсайды. Париждің орталығында, тапа-тал түсте қылмыскер сатушыға сес көрсетіп, құны 3 миллион еуроға бағаланатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Содан кейін, самокатына отырып, ғайып болған. Полиция көрші дүкендердің сатушылары мен көшедегі адамардан ұры туралы сұрастырғанда, оны ешкім көрмеген болып шықты. Себебі, дәл осы уақытта танымал актер Жан Клод ван Дамм осы көшеде дүкен аралап жүріп, барлығының назарын өзіне аударған. Абырой болғандай, көшедегі видеокамералар қылмыскерді түсіріп алған. Көп ұзамай ол ұсталды.

Көшедегі видеокамералар қылмыскерді түсіріп алған.

Дереккөз: The Guardian

Так же вам может быть интересно