Ержан Максим Македонияда өткен халықаралық байқауда гран-при иегері атанды

🎼 Музыка
11.01.2023
Просмотров: 365

15 жастағы қазақстандық орындаушы WAF CONTEST байқауында топ жарды.

Македония астанасы Скопия қаласына Еуропа пен Азияның 16 мемлекетінен үздік 32 өнерпаз қатысты. Қазақстанның намысын Ержанмен бірге Алтынай Төлеген қорғады. Әнші екінші орынды иеленді.

«Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін!»,

— деп жазды Ержан Инстаграм парақшасында.

Фото: Instagram/@maksim_erjan

Так же вам может быть интересно