Энтони Хопкинс «Оскар» жүлдесінің ең қарт иегері атанды

🎬 Кино
26.04.2021
Просмотров: 137
хопкинс

83 жастағы актер «Үздік ер адам рөлі» категорисында жеңімпаз атанды.

Бұған дейін рекорд иесі – 82 жастағы Кристофер Пламмер болатын. «Әке» фильмінде Хопкинс Лондонда тұрып жатқан қарт аристократтың рөлін сомдады. Оның тұрмыс құрып, Парижға көшпекші болған қызы әкесіне күтуші жалдайды. Бір қарағанда қарапайым сюжет. Алайда, бір кезде бас кейіпкердің қызының сырт келбеті өзгереді. Мүмкін қарт адам оны күтушісімен шатастырып алған шығар? Әлде бәріне кәрілік деминциясы кінәлі ма? Мүмкін  бәрін көрермен шатастырып алған шығар? Қалай болса да, мұны түсіну үшін фильмді көру керек.

Так же вам может быть интересно