Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағына таласады

⚽ Спорт
27.10.2021
Просмотров: 80

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы жартылай орта салмақтағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында хабарлады.

Жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанның Jekpe-Jek аренасында өтеді. Бұл — Қазақстанның үздік боксшылары жұдырықтасатын әлемдік деңгейдегі бокс кеші болмақ. Қарсыластың есімі жақын арада белгілі болады. Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы қазақстандық бесінші әлем чемпионы болуы мүмкін. Бұған дейін Геннадий Головкин (қазіргі – IBF, IBO), Бейбіт Шүменов, Жанат Жақиянов және Василий Жиров әлем чемпионы атанған болатын.

Дереккөз: Tengrinews 

Так же вам может быть интересно