Эминемнің алтын және платина синглдарының саны бойынша рекорд орнатты

49 жастағы Маршалл Мэтерс III алтын және платина дәрежесіне жеткен ең көп синглдардың орындаушысы атанды.
Сондай-ақ хип-хоп орындаушысы альбомы үш реттен артық бриллиант дәрежесіне жеткен әлемдегі жеті музыканттың қатарына кірді. Бұдан бұрын Эминем Spotify-да рекорд орнатты. Рэп орындаушысы стримингтік сервисте 35 миллионнан астам тыңдалым жинап, Дрейк пен басқа да әншілерді артта қалдырды.
Дереккөз: Variety