Элтон Джон Дуа Липаның көмегімен рекорд орнатты

🥇 Мировые рекорды
14.10.2021
Просмотров: 209

Британиялық әншінің туындылары соңғы 60 жыл бойы әр он жылдықта UK Top 10 чартына кіріп келген. Бұл жетістік арқылы Элтон Джон Элвис Пресли, Майкл Джексон мен Дэвид Боуиді артта қалдырды. Олардың әндері топ-чартқа 50 жыл ішінде кіріп келді.

74 жастағы сэр Элтон Джон осыдан екі ай бұрын 26 жастағы британиялық әнші Дуа Липамен бірігіп, нағыз хит шығарды. «Cold Heart» деп аталатын туынды Элтон Джонның «Sacrifice» және «Rocket Man» әндерінен жасалған mash-up, яғни микс. Осы аптада бұл ән Эд Ширанды чарттың бірінші орнынан ығыстыратын сияқты.

Дереккөз: The Guardian 

Так же вам может быть интересно