Египет Қазақстанға өзара визасыз режим енгізуді ұсынды
Қазақстан бұл ұсынысты қарастыруға дайын.
Египет Қазақстанға 14 күндік өзара визасыз режим енгізуді ұсынды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал Эль Шиннавимен кездесуінде белгілі болды.
Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық туралы әңгімелескен. Қазақстандық министр өз кезегінде елшіге қос мемлекет арасындағы тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бағытында іс-шараларды пысықтауды ұсынды.
Дереккөз: Спутник
Фото: Pexels