Диана ханшайымның көйлегі $1,1 млн-ға сатылды
Болашақ Чарльз III королінің жары оны екі-ақ рет киді – 1985 және 1986 жылдары.
Бастапқыда барқыт көйлек $100–$200 мың-ға бағаланды, бірақ аукцион нәтижесінде лот болжамнан 11 есе жоғары сомаға сатылды. Сондай-ақ аукционда Диана ханшайымның жейдесі ұсынылды. Диана оны 1981 жылы Чарльз ханзадамен атастыруға орай ұйымдастырылған фотосессияға киген болатын. $80-$100 мың-ға бағаланған лот $381 мың-ға сатылды.