Чипстерге арналған қалтасы бар аяқ-киім пайда болды
Бұл Pringles және Crocs брендтерінің коллаборациясының нәтижесі.
Ерекше крокстың шет жағында чипс қорабын салып қоятын ұстағыш бар. Қажет болмаған жағдайда оны шешіп тастауға болады. Шектеулі топтама сатылымға ертең шығады. Бағасы 60 доллар, шамамен 27 мың теңге. Ал Pringles жауап ретінде Crocs аяқ киімінен шабыттанған чипс түрін шығармақшы. Абырой болғанда дәмі аяқ-киімге ұқсамайды, лайм мен қарбыз қосылған.
Дереккөз: Hyperbeast