Биткоинды ойлап шығарушы әлемдегі ең бай 20 адамның қатарына кірді

🌐 В мире
16.04.2021
Просмотров: 79
bitcoin

Сатоси Накамото лақап атымен танымал ойлап табушының байлығы 61 миллиард доллардан асып түсті.

Forbes-тың мәліметінше, Накамото 750 мыңнан 1,1 миллион биткоин иесі. Алайда 2009 жылы шыққан криптовалютаны нақты кім ойлап тапқаны әлі күнге дейін белгісіз. Сатоси Накамото лақап атының артында бір топ адам тұр деген болжам бар.  Қалай болса да, Накамото әлемдегі биткоиндардың 5 пайызын иеленіп отыр. Еске салайық, жақында биткоинның бағамы 64 мың доллардан асып, тарихи рекорд орнатты.

Так же вам может быть интересно