Ауыл мектептері Илон Масктың интернетіне қосыла бастады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Starlink интернетіне қосылған Ақмола облысындағы Майшұқыр ауылындағы мектебіне барды.
Мұндағы жергілікті білім ордасы еліміздегі 2000 ауылдық мектепті Интернетке қосу жобасы аясында Starlink желісіне қосылған. Мұғалімдер мектеп Starlink Интернет желісіне қосылғаннан кейін заманауи оқу материалдарына қол жеткізгенін, бұл балалардың оқу процесіне оң әсерін тигізгенін айтты.
«Жоғары жылдамдықты (шамамен 200 Мб/сек) және тұрақты Интернетпен қамтамасыз ететін Starlink желісі – ауылдық жерлерде білім беру тетігін жақсартудың маңызды құралы. Болашаққа салынған бұл инвестиция оқушылардың тұрғылықты жеріне қарамастан, оларға тең білім алу мүмкіндіктерін ұсынады»,
-деп жазды Мусин Facebook-тегі парақшасында.
Фото: Unsplash