Australian Open-де сенсация жасаған қазақстандық жас теннисші үшінші айналымға өтті
16 жастағы Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында үшінші айналымға шықты.
Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты. Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: ktf.kz