Астанада жасанды интеллект орталығы құрылады
Ол әлемнің озық тәжірибелері қолданылатын негізгі алаңға айналмақ.
Елде осы жасанды интеллект саласында жыл сайын мың кәсіби білікті маман даярлап, 100 стартапты іске қосу жоспары бар. Ал 2026 жылға қарай экспорттық табыс көлемін 1 млрд долларға жеткізу көзделген. Орталық Астана ХАБ базасында құрылатын болады, деп хабарлайды 24.kz. Еске салсақ, биыл Қазақстанда қуаты күшті суперкомпьютер іске қосылмақ.
Фото: Unsplash