Америкалық қыз 11 жасында компанияның басшысы және миллионер атанды
Микайла Ульмер есімді Техас тұрғыны қазір 17-де. Өз ісін ашу туралы ол 4 жасында ойлана бастаған.
Бүлдіршін үлкен әжесінен 1940 жылдары шыққан аспаздық кітабын сыйға алған. Ондағы зығыр дәнінен әзірленетін лимонадтың рецептісі Микайланың назарына ілікті. Болашақ бизнесвумен оны жетілдірді: қант мөлщерін азайтып, бал қосты. Себебі бал араларының жоғалып бара жатқанын білген қыз бұ мәселеге көпшіліктің назарын аударғысы келді. Жаңадан шыққан сусынды ол «Мен және аралар» деп атады. 2016 жылы Микайла ірі сауда жүйесімен келісімге тұрып, 11 миллион доллар алды.
Дереккөз: New York Post