Америкалық генетиктер жүндес мамонттарды қайта тірілтпекші
Мұны жүзеге асыру үшін Colossal атты стартап $15 млн инвестиция жинап үлгерді.
Ғалымдардың айтуынша, мамонтты клондау мүмкін емес, себебі олардың ДНҚ-сы мәңгі тоңда сақталғанымен, ыдырап кеткен. Сондықтан мамандар CRISPR атты генді редакциялау технологиясын қолданып, 4 мың жыл бұрын жойылып кеткен жануарларды қайта тірілтеміз деп отыр. Ол үшін азиялық пілдердің жасушалары қолданылады. Генетиктер алғашқы кішкентай мамонттар 2025-2027 жылдары пайда болады деп отыр.
Дереккөз: CNN