Amazon зат таситын, музыка қосып беретін үй роботын шығарды

📱 Гаджеты
29.09.2021
Просмотров: 158

Онымен қашықтан басқаруға болады. Күдікті жағдай болса, Astro атты робот ол туралы үй иесін хабардар етеді.  

Astro адамның жүзін тану жүйесімен жабдықталған. Сондықтан, роботқа: Astro, күйеуіме ыстық шәй апарып берші, десең, ол қателеспей, қажетті адамды табуы керек. Сонымен қатар, Astro сұраған музыканы қосып беріп, ауа-райы қандай екенін айтып береді. Джефф Безостың компаниясы шығарған үй роботтың құны – $1мың. Сатылымдар жақында, әзірге АҚШ-та басталады.

Дереккөз: The Verge 

Так же вам может быть интересно