Amazon тауарларын енді өлеңдетіп жарнамалайды
Ол үшін корпорация жасанды интелекттің көмегіне жүгінді.
Жаңа мүмкіндік маркетплейстің мобильді қосымшасында қолжетімді. Жасанды интеллект пайдаланушылар қалдырған пікірлерді талдап, өнімнің ерекшеліктерін сипаттап береді. Бірақ қара сөзбен айтқан жалықтырады, сондықтан жарнамалық поэзияны тыңдауға дайын болу керек. Мысалы, «Жұлдызды соғыстардағы» Мастер Йоданың стиліндегі қысқы куртканың сипаттамасы, немесе жапониялық хайку түріндегі жауап алу әбден мүмкін.
Дереккөз: CNBC