98 жастағы британиялық тележүргізуші телевизияда 70 жыл жұмыс істеп, рекорд орнатты
Сэр Дэвид Аттенборо 1953 жылы ВВС балалар телеканалында «Жануарлардың бетперделері» атты шоуда алғаш рет экранға шықты.
Сегіз онжылдықты қамтитын мансабында Аттенборо ақ-қара, түрлі-түсті, HD және 3D форматындағы сериалдар үшін BAFTA сыйлықтарына ие болған әлемдегі жалғыз адам. Сэр Дэвид әрқашан заманға сай болуға тырысты. 2020 жылы тележүргізуші Instagram желісіне тіркеліп, 4 сағат 44 минутта 1 миллион жазылушы жинап, рекорд орнатқан болатын.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы
Фото: BBC