93 жастағы Жапония тұрғыны ең қарт геймер атанды
Токио тұрғыны 1960 жылдары такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, ал 7 жыл бұрын жасына байланысты жүргізуші куәлігін тапсыруға мәжбүр болған.
Карантин кезінде қарт кісі немересінің видео ойын ойнап отырғанын көріп, өзі де соған әуестеніп кеткен. Енді ол неше түрлі виртуалды жарыс машиналарын айдап, Forza 7 ойынындағы жарыстардың ең қиын деңгейлерін өтеді.
Дереккөз: Soranews24