90 жастағы қария әлемдегі ең қарт жүк көлігінің жүргізушісі атанды

🥇 Мировые рекорды
31.05.2024
Просмотров: 120

Канзас штатының тұрғыны 60 жылдан астам уақыт бойы жүк көлігін тізгіндейді.

Дойл Арчер АҚШ-тың барлық штатын аралап, миллиондаған шақырымды жүріп өткен. Дәлірек айтқанда, 8 млн 800 мың километрді бағындырды. 26 немеренің атасы «зейнетке шығу» деген тіркес сөздік қорында мүлдем жоқ екенін айтып, әзілдеді. «Денсаулығым сыр бермесе, көлік жүргізуді жалғастырамын», — дейді 90 жастағы қария.

Дереккөз: UPI

Фото: Guinnessworldrecords

Так же вам может быть интересно