21 жастағы Орал тұрғыны битбокстан әлем чемпионы атанды

🎼 Музыка
24.08.2021
Просмотров: 215

Эльдар Габдуллин іріктеу кезеңіне өткен 16 қатысушыны артта қалдырды. Жалпы АҚШ-та ұйымдастырылған және онлайн режимде өткен байқауға бүкіл әлемнен 150 адам қатысқан.

Қазақстандық студент $500 сыйақы ұтып алды. Сонымен қатар, Эльдар келесі чемпионатта қазылар алқасының мүшесі болу құқығына ие болды. Ағылшын пәнінің мұғаліміне оқып жүрген жігіт битбокс өнерін You Tube-тегі видеолар арқылы меңгерген. Музыкалық білімі жоқ. Айта кетейік, битбокс — дыбыс аппараттары мен ауыз мүшелерінің көмегімен түрлі әуендерді шығару өнері.

 

Так же вам может быть интересно