2 миллионға жуық қазақстандық оқушы бір мезетте танымал күйлерді орындады

🇰🇿 Новости Казахстана
20.03.2024
Просмотров: 721

Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында #Күйкүмбірі республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады.

Астанадағы Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды. Домбырашылар челленджі Әз-Наурыз қарсаңында былтыр алғаш рет өткізілген болатын. Тек соңғы бір жылдың өзінде елімізде домбыра үйірмелерінің саны 5 есе артты. Бүгінгі таңда барлығы 2 мың үйірме жұмыс істейді. Оған 100 мыңнан астам жас домбырашы қатысады.

Дереккөз: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 

Так же вам может быть интересно