100 мыңға жуық қазақстандық жыл басынан бері Skills Enbek платформасында білім алды
Оқұдан өткендердің жартысы – жұмыссыздар. Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, it-технологиялар, туризм және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны артып келеді.
Қазан айындағы ең көп сұранысқа ие болғандары — «Әлеуметтік қызметкер», «Қонақүйде сату бөлімін құру», «Кассир» және «Сақтандыру агенті». Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Оқуға тіркелі үшін https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтындағы «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау керек, деп хабарлайды Қазақпарат.
Фото: Pixabay