10 қазақстандық боксшы әлем чемпионатында ширек финалға өтті

⚽ Спорт
02.11.2021
Просмотров: 100

Қазақстандық спортшылар бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Соңғы жекпе-жектерде алты боксшымыз рингке шығып, жеңіске жетті.

Бұдан бұрын 4 қазақстандық боксшы ширек финалға өткен болатын. Бүгін барлығы жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады. Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының сыйақы қоры $2,6 млн құрайды. Алтын медаль иелері $100 мың алады . Күміс медаль үшін $50 мың , ал қолаға $25 мың беріледі. Чемпионат 6 қарашаға дейін жалғасады.

Дереккөз: Спутник 

Фото: Vesti.kz 

Метки: Бокс

Так же вам может быть интересно