«Күміс жас» жобасы аясында жыл басынан 10 мыңға жуық адам жұмысқа тұрды

🇰🇿 Новости Казахстана
29.04.2024
Просмотров: 256

Жыл соңына дейін тағы да тоғыз мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

«Күміс жас» жобасына 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа дейінгі адамды зейнетке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 135,6 мың теңгені құрады, ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстанда тіркелді — 202 мың теңге.

Дереккөз: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Так же вам может быть интересно