Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері аталды

🇰🇿 Новости Казахстана
30.04.2024
Просмотров: 286

2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел тұрған. 

Ер адамдар арасында ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдерде – Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам) болды. Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімдері бар адам саны – 585 мың.

Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер – «бай», «бек», «жан», «хан» болды. «Бек» өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында «хан» сөзі бар есімдер кейінгі 30 жыл бойы тұрақты түрде өсім көрсетіп келеді.

Ал қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кірді. Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) жалғауларына аяқталған тектер үлесі 64% құрайды. Алайда, әр жылы туғандардың тектерін талдасақ, аталған жалғаулары бар тектер үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.

Так же вам может быть интересно