Қазақстанда несие тарихының мерзімі қысқартылады
Егер бұрын несие алушы туралы ақпарат 10 жыл сақталса, енді бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарды.
Бұл несие тарихы нашар адамдарға (шамамен 490 мың азаматқа) қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржылық ұйымдарда несие алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, бүгін сенаторлар қабылдаған заңға сәйкес борышкермен коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон номерлерімен байланыс жасауға тыйым салынады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті.