Қазақстан Илон Масктың компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр

🇰🇿 Новости Казахстана
20.04.2021
Просмотров: 77
spacex

Келіссөздердің басты бағыты — Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту.

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазған. Қос тарап Алматы маңында телепорт станциясын орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын-ала келісімге келді. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің саны әлі нақтыланады. Қазір орбитада «SpaceX» компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан. Жалпы Илон Маск 11 000 жерсерік жіберіп, бүкіл әлемді интернетпен қамтитынын айтқан болатын.

Так же вам может быть интересно