Тик Ток блогері киімнің қыртысын үтіксіз жазу әдісімен бөлісті
Лайфхакпен HowDoesShe никнеймімен тіркелген қолданушы бөлісті.
Алдымен ол заттарын кір жуғыш машинадан шығарып алды. Содан кейін оларды кептірпгіштің үстінде жазып, мұз текшелерін шашып, жылыту режимін қосты. Роликтің аяғында блогер киімде бірде-бір қыртыстың қалмағанын көрсетті.
«Бұл әдістің білмегендеріне сенімдімін! Енді ешқандай үтіктің қажеті жоқ»,-
деп жазды ол.
Дереккөз: The Sun