Тез ұйқыға кетудің оп-оңай әдісі анықталды
Сеулдегі Ұлттық университтің мамандары ол үшін бар болғаны шұлық кию керек дер отыр.
Олардың айтуынша, дене температурасы неғұрлым төмен болса, ұйқыға кету соғұрлым оңай болады. Ал шұлық киген кезде адамның қан тамырлары кеңейіп, аяққа қан тезірек жетеді, сәйкесінше дене температурасы төмендейді. Тәжірибе кезінде шұлық киген қатысушылар жалаң аяқ болған адамдарға қарағанда 7,5 минутқа тезірек ұйқыға кеткен.
Дереккөз: Daily Express