Адель Селин Дион шайнаған сағызды сақтап қойып, оны мақтан тұтатынын айтты

💎 Селебрити
28.10.2021
Просмотров: 150

Кезінде канадалық әнші«Машинадағы караоке» атты шоудың қонағы болған. Оның жүргізушісі, Джеймс Корден – Адельдің досы.

Адель Селин Дионды қатты жақсы көретінін ол білген. Сондықтан түсірілім кезінде жүргізуші My heart will go on әнінің орындаушысынан шайнап отырған сағызын сұраған. Корден оны қағазға салып, кейін Адельге тапсырған. Британиялық әнші сағызды жақтауға салып қойған.

«Бұл менің ең үлкен мақтанышым»,

— деді Адель Vogue журналына берген сұхбатында. Еске салайық, 15 қазанда британиялық әнші 6 жылдық үзілістен кейін жаңа әнін жария етті.

 

Метки: Адель

Так же вам может быть интересно