Қазақстандықтар автокөліктерге енді әдемі әріптік белгілерді де сатып алуға мүмкіндік алады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осындай ұсыныс жасады.
«Бюджетке қаржы аударып, сатып алуға болатын нөмір белгілері (777) нөмірі бар. Алайда реттеу іс-шараларымен қамтылмаған нөмір белгілері де бар, оларды да сатып алу үшін заңнамалық тұрғыда бекіткіміз келеді»,
— деді ведомство басшысы. Айта кетейік, биыл тоғыз айдың ішінде қазақстандықтар 4,4 миллиард теңгеге VIP-номірлер сатып алған. Әдемі нөмірлер көбінесе Алматыда үлкен сұранысқа ие болды. Оларды 5 мыңнан астам алматылық сатып алды. Екінші орында – Шымкент (2 371) және Нұр-Сұлтан тұрғындары — 1 757.