Италиялық суретші бидай алқабында Достоевскийдің портретін трактормен салып шықты
Дарио Гамбарина есімді ленд-арт шебері әйгілі жазушының 200 жылдығына орай оның 200 метрлік бейнесін жасаған. Портрет 25 шаршы метр аумақты алды.
Суреттің жоғарғы жағында The beauty will save us, яғни «Сұлулық әлемді құтқарады» деп жазылған. Бұл сөз тіркесін 1868 жылғы «Идиот» романының кейіпкері, 18 жастағы Ипполит Терентьев князь Мышкинге айтады. Суретші портреттің төменгі жағына кириллицамен әйгілі шығарма авторының атын – Достоевский деп жазды. Бұдан бұрын Гамбарина бидай алқаптарында Леонардо Да Винчи, Владимир Путин, Фидель Кастроның портреттерін салған еді.
Дереккөз: РИА Новости