Америкалық генетиктер жүндес мамонттарды қайта тірілтпекші

🔬 Наука и технологии
15.09.2021
Просмотров: 111

Мұны жүзеге асыру үшін Colossal атты стартап $15 млн инвестиция жинап үлгерді.

Ғалымдардың айтуынша, мамонтты клондау мүмкін емес, себебі олардың ДНҚ-сы мәңгі тоңда сақталғанымен, ыдырап кеткен. Сондықтан мамандар  CRISPR атты генді редакциялау технологиясын қолданып, 4 мың жыл бұрын жойылып кеткен жануарларды қайта тірілтеміз деп отыр. Ол үшін азиялық пілдердің жасушалары қолданылады. Генетиктер алғашқы кішкентай мамонттар 2025-2027 жылдары пайда болады деп отыр.

Дереккөз: CNN

Так же вам может быть интересно