$600 млн ұрлап алған хакерге жұмыс ұсынылды

🌐 В мире
18.08.2021
Просмотров: 139

 Қомақты сома ұрланған PolyNetwork блокчейн-платформасы оған қауіпсіздік бойынша басты кеңесші қызметін атқаруға ұсыныс жасап отыр.

«Сізді жауапкершілікке тартатын ойымыз жоқ, керісінше, сізді қуана-қуана жұмысқа шақырамыз. 500 мың доллар көлеміндегі сыйақы да беріледі»,

— деп жария етті компания басшылығы Twitter-дегі парқшасында. Еске салайық, бірнеше күн бұрын PolyNetwork блокчейн-платформасынан $600 млн долларға тең криптовалюта ұрланды. Оны қайтарып бергені үшін Mr. White Hat (Ақ қалпақ) атты хакерге $500 мың доллар ұсынылған еді. Хакер бүкіл ақшаны қайтарып берді, алайда сыйақыдан бас тартты.

 

Метки: Poly Network Хакер

Так же вам может быть интересно