Сингапурда 212 грамм салмақпен туылған қыз ауруханадан шықты

🌐 В мире
09.08.2021
Просмотров: 130

Сингапурда 212 грамм салмақпен туылған қыз ауруханадан шықты. Ю Суань әлемдегі ең кішкентай шала туылған бала болып танылды.

Ол жүктіліктің 25 аптасында дүниеге келген. Бойы тек 24 см құраған. Нәрестеге 13 ай бойы күтім жасалып келді. Қазір оның салмағы алты келіден асады. Бұдан бұрын әлемдегі ең кішкентай шала туылған баланың салмағы 245 граммды құрады. Сэйби есімді қыз 2018 жылы Сан-Диегода дүниеге келген еді.

Ю Суань 212 грамм салмақпен туылды
Бұдан бұрын әлемдегі ең кішкентай шала туылған бала болып Сан-Диегода дүниеге келген Сэйби есімді қыз саналды. Ол 245 грамм салмақпен туылды

Дереккөз: BBC

Так же вам может быть интересно