Малайзияда бір-бірін ешқашан көрмеген егіз қыздар күтпеген жерде кездесті
Адриани және Адриана Ивани бір-бірін екі жұмыртқалы егіздер деп ойлап өскен. Өйткені олардың ешбір ұқсастығы жоқ.
Бірнеше жыл бұрын қыздар мотивациялық лагерьге барғанда, оларға басқа мектептің оқушылары Норатина есімді сыныптастарының Адрианиге қатты ұқсайтынын айтқан. Әлеуметтік желілердегі фотоларын да көрсеткен. Кейін қыздар суреттерді әке-шешесіне көрсеткенде, олар бұған мән бермеген. Ал 2019 жылы Адриани егізін супермаркетте кездейсоқ кездестіріп қалған. Бір-бірінің ұқсастығын көрген олар қатты таңғалаған. Апалы-сіңлілерді перзентхана қызметкерлері шатастырып алған көрінеді. Норатина көп жылдан кейін өзінің отбасымен қауышты.
Дерекккөз: New Straits Times