Қызының үйлену тойында қатты қобалжыған әкесі күйеу жігітке қызын тапсыруды ұмытып кеткен
Ник Кроссли есімді ер адам дәстүр бойынша қызын алда күтіп тұрған жігітке жетектеп, тапсыруы керек болды. Алайда қатты қобалжыған әкесі жігіттің алдына лирикалық музыканың сүйемелдеуімен жалғыз өзі жетіп барған.
Тек той ұйымдастырушыларының бірі оны қуып жеткенде, әкесі қателігін түсініп, қалыңдыққа қарай жүреді. Күйеу жігіт күлкіден көзіне жас алды. Желіде тараған видео барлығын күлдіріп, тәнті етті.
Дереккөз: The New York Post