Ерекше оятқыш пайда болды: ол ұйықтатады, ал таңертең тұрмағанша жайына қалдырмайды

📱 Гаджеты
11.10.2024
Просмотров: 186

Alarmo құрылғысын Super Mario ойынын шығарған Nintendo компаниясы ұсынып отыр.

Оятқыш танымал ойындардың әуендерімен оятады, оны өшіру үшін қолды бір сілтесе болғаны. Алайда пайдаланушы тұрмаса, оятқыш одан сайын қатты әуен ойнай бастайды. Әйтеуір тұрған кезде, урааа деген фанфарларды қосады. Alarmo тек оятуға ғана емес, ұйықтауға да көмектеседі. Оятқыштың алдын ала орнатылған релакс әуендері бар, оларды ұйықтар алдында қосуға болады. Сондай-ақ еске салу функциясы бар — оятқыш істер тізімдерін сақтай алады және оларды аяқтау уақыты келгенде дабыл қағады. Бағасы 100 доллар. Сатылымға келесі жылы шығады.

Дереккөз: The New York Post 

Фото: Nintendo

Так же вам может быть интересно