Еуро-2024: 19 жастағы түркиялық футболшы Криштиану Роналдуның рекордын жаңартты
Арда Гюлер Грузияға қарсы мачта мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Осылайша ол құрлықтық дода тарихында тұсаукесер ойынында гол соққан ең жас футболшы атанды (19 жас 114 күн).
Арда Гюлер бұл голының арқасында Криштиану Роналдудың жиырма жыл сақталған рекордын жаңартты, деп хабарлайды Қазақпарат. Португалия құрамасының шабуылшысы 2004 жылы тұсаукесер ойынында 19 жас, 128 күн толған сәтте Грекия құрамасына гол соққан еді.
Фото: Instagram/@ardaguler