Әкесінің ісін жалғастырушы: Терезе жуушының қызы 3 офисті 16 секундта мұнтаздай тазартты
33 жастағы Алиша Берроуз есімді британиялық қыз терезе жуушы емес, бірақ шеберлік оның қанында бар: әкесі Терри «Турбо» Берроуз кәсіби тазалаушы, ол Гиннесс рекордының ерлер нұсқасына ие.
Кезінде ер адам 3 офистің терезесін небәрі 9 секундта жуып шыққан.
«Кейде мен әкеммен Лондонға барып, оның жұмысын бақылайтынмын және Терезе тазалаушылар федерациясы көрсететін терезе тазалау шоуларына баратынмын»,
— дейді рекордшы-қыз. Кез келген істе шебер болсаң, құр қалмайсың деген осы.
Дереккөз: UPI
Фото: BBC