Жапониялық оқушы жүздеген бөлшекке кесілген 10 мың иендік купюраны жинады
Томоның әкесі кеңсе тауарларын ұсақтағыштан 10 мың иен (шамамен 30 мың теңге) ақша салынған конвертті өткізіп жіберген.
Әкесі пазлды жинағанды жақсы көретін ұлына ақшаны қалпына келтіру ж9мысын тапсырды. Жұмыс бір айға жуық уақытты қажет етті. Жапония банкінің ережелеріне сәйкес, егер банконоттың үштен екісі сақталған болса, оны айырбастауға болады. Ұзақ тексеруден кейін оқушыға дәл осындай номиналдағы жаңа банкнот табысталды. Әкесі мектеп оқушысына ақшаны өзіне қалдыруға рұқсат берді.
Дереккөз: Oddity Central