Титаникте Леонардо ди Каприоға орын табылмаған есік рекордтық сомаға сатылды
Әйгілі реквизит үшін аукционға қатысушы 719 мың долларды сарп етті.
Ағаш есіктен басқа аукционда Роуз киген шифон көйлек ұсынылды. Сатып алушы ол үшін 125 мың доллар төледі. Еске салсақ, «Титаник» фильмі 1997 жылы жарыққа шығып, әлем бойынша 2,2 миллиард доллар жинаған. Джеймс Кэмеронның туындысы ең көп табыс тапқан фильмдер тізімінде төртінші орында тұр.
Дереккөз: The Hollywood Reporter