Илон Масктың чипін салып алған әлемдегі алғашқы адам ой күшімен шахмат ойнады
29 жастағы Нолан Арбо бірнеше жыл бұрын иықтан төмен қарай сезімталдықтан айырылған болатын. Енді ол импланттың арқасында ноутбук экранындағы шахмат тақтасында ойдың күшімен фигураларды жылжытатын курсорды қозғалта алады.
Еске салсақ, Илон Масктығ Neuralink компаниясы адам миына имплант орнату бойынша алғашқы операцияны 28 қаңтарда өткізді.
Дереккөз: Neuralink
Фото: Unsplash