Италияда жүргізуші куәлігі жоқ 103 жастағы әжей түнгі жарыс ұйымдастырды
Джузеппина Молинари түн ортасында жоғары жылдамдықпен жүріп, Бондено елді мекені тұрғындарының мазасын алды.
Fiat Panda-ны тоқтатқан тәртіп сақшылары рөлде әжей отырғанын көреді. Сеньора Джузиппинаның жүргізуші куәлігінің мерзімі екі жыл бұрын өтіп кеткен. Сақтандыру полисі де жоқ екен. Полицейлер көлікті эвакуаторға тиеп, зйнеткерді үйіне жеткізіп салды. Әжейдің айтуынша, енді ол мопед сатып алмақшы.
Дереккөз: Canberratimes
Фото: Shutterstock