Сақалымен 2,5 тонналық көлікті тартқан украиналық палуан Гиннесс рекордына қол жеткізді
Бұл 35 жастағы Дмитрий Грунскийдің алғашқы талпынысы емес. 2019 жылы палуан сақалындағы біраз шашынан айырылған еді.
Дмитрий 10 жыл бұрын литвалық Антанас Контримас орнатқан 1952 келілік рекордты жаңартты. Жалпы, украиналық палуан бірден үш рекордқа қол жеткізді. Сақалдан басқа Дмитрий мойнымен – 7760 келі автомобильді және тісімен 7 автомобильді орнынан жылжытты.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы