Қазақстанда YouTube Premium пайда болды
Пайдаланушылар бейнелерді жарнамасыз және фондық режимде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.
Қазақстандықтарға YouTube Premium жазылымының бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасылық және студенттерге арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірқатар елдерде жеке жазылымның бағасы айына $12 (шамамен 5400 теңгені) құрайды.
Дереккөз: Stan.kz
Фото: vidiq.com