Әлемдегі ең қарт адам 117 жыдығын тойлады
Испаниялық Мария Браньяс Морера 1907 жылы 4 наурызда Сан-Францискода дүниеге келген.
«Сәттілік пен жақсы генетикадан» басқа, Мария өзінің ұзақ өмір сүруін «тәртіптілік, сабырлылық, отбасымен және достарымен жақсы қарым-қатынас, табиғатпен байланыс, эмоционалды тұрақтылық, уайымдар мен өкініштердің болмауымен байланыстырады. Мамандар Мариядан қан, сілекей үлгілерін алып, кейуананың гендерін зерттеп, қартаюмен байланысты аурулармен күресетін дәріні жасамақшы.
Дереккөз: Гиннесс рекордтар кітабы